Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда полицейлер зейнеткерді өлтірген күдіктіні ұстады

Қостанай облысының полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты. Бұл туралы ПД бастығы Ерлан Омарбеков мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласындағы үйдің кіреберісінен көпқабатты үйдің тұрғыны әйел адамның мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлады. Ол бірден жедел жәрдем мен полицияны шақырған.

Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков қылмысты ашуға облыстың және қаланың тәжірибелі полиция қызметкерлері тартылғанын атап өтті.

Екі сағаттан кейін кісі өлтіру бойынша іс ашылды. 45 жастағы күдікті, жұмыс істемейтін әйел ұсталды, одан заттай дәлелдемелер алынды.

75 жастағы әйел қонақтан үйіне қайта келе жатқанда оның үстінде алтын әшекейлер болған. Күдікті зейнеткердің подъезге кіргенін көріп, оның соңынан еріп, пышақ жарақатын салып, алқаны жұлып әкеткен.

Ерлан Омарбеков күдіктінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталғанын атап өтті.

Ұсталған адамнан заттай дәлелдемелер алынды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Пайдакүнемдік ниетпен өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру