Ақтөбелік полицейлер асылып өлмек болған ер адамды құтқарып қалды
Ақтөбелік полицейлер асылып өлмек болған ер адамды құтқарып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz
31 тамызда Ақтөбе облысы ПД Жедел басқару орталығына ер адамның жер үйдің шатырында суицид жасамақ болғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция инспекторлары Самат Самалықов пен Абылай Асылбеков жетті. Екеуі бірге тез арада әрекетке көшіп, үйдің шатырына көтеріліп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды. Қуанышқа орай, қайғылы жағдай орын алмады.
Полицейлер алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдемді шақырған. Ер адам анасымен жанжалдасып қалған соң осындай қадамға барғанын айтты.