Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Ақтөбеде Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz

Кеше түнде Toyota Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі К. Нокин даңғылы мен Жанқожа батыр көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні қағып кетті, салдарынан ол қаза тапты.

Мұндай ЖКО-ның алдын алу үшін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауы қажет. Жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінің алдында әр кез жылдамдықты төмендетіп, жаяу жүргіншілерге әрдайым жол беруі керек.

Айта кетейік, жыл басынан бері Ақтөбе облысының аумағында 101 ЖКО болды. Жол-көлік оқиғасын салдарынан 7 адам қаза тауып, 97 адам зардап шекті.

Жол қозғалысына қатысушылардың барлығының қауіпсіздігінің кепілі – жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру