Алматыда ер адам тойда қонақтарды тонап жүрген
Алматыда ер адам тойда қонақтарды тонап жүрген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алатау аудандық Полиция басқармасында хабарлағандай, 31 жастағы О.есімді азамат – сериялық ұры. Осы уақытқа дейін ұрлықтың 40-тан астам эпизодына қатысы бары анықталды.
– Соңғы жағдайда қаскөй мерекелердің бірінде өнер көрсеткен әртістерді тонап кеткен. Ол киім ауыстыратын бөлмеге кіріп, олардың ұялы телефондарын жымқырған. Бұл дерек бейнебақылау камераларының объективтеріне түсіп, оның көмегімен қаскөйдің жеке басы анықталды. Ол ұсталып, ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. Оның жеке басы осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Құмарбек Кеншінбаев.