Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетау тұрғынының көлігінен Сібір елігінің ұшасы табылды

Көкшетау тұрғынының көлігінен Сібір елігінің ұшасы табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3 қыркүйекте Жақсы АПБ қызметкерлері алдын алу іс-шаралары аясында Кийма ауылының маңындағы далалық автожолда Көкшетау қаласының 34 жастағы тұрғынының басқаруымен Nissan Maxima автокөлігін тоқтатты.

Көлік салонын тексеру барысында полиция қызметкерлері жүк бөлімінен 2 елік ұшасын тапты.
Жақсы АПБ заңсыз аң аулау фактісі ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Жануарлардан алынатын объектілерді сот-сараптамалық биологиялық зерттеу тағайындалды, зерттеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру