Павлодар облысында төрт "Кибер-шериф" кешені бар
Павлодар облысында төрт "Кибер-шериф" кешені бар, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Кибер-шериф" борттық кешені - қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Жүйе көлік ағынын тіркейді, іздеуде жүрген көлік құралдарын, сондай-ақ жалған мемлекеттік нөмірлер орнатылған автомобильдерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, қоршаған ортаны 360º автоматты түрде бекітумен жабдықталған.
- Бүгінде Павлодар облысында "Полицияның сервистік моделі" бағдарламасы бойынша осындай 4 кешен жұмыс істейді. Екеуі өткен жылы іске қосылса, тағы екеуі биыл қала әкімдігімен сатып алынды, олар қазіргі уақытта тестілік режимде жұмыс істейді, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Данияр Бек.
Айта кету керек, жылдың басынан бері облыс жолдарында осы кешеннің көмегімен 7 929 жол қозғалысы ережелерін бұзу тіркелген. 85 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, оның ішінде 75 млн 336 мың теңге өндіріп алынды.