Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде әкесі қызына 4 млн теңгеден астам қарыз

Өскеменде әкесі қызына 4 млн теңгеден астам қарыз, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс орталығынын алимент төлемеген ер азаматы өзінің 14 жастағы қызына 4 320 250 теңге қарыз болып қалды.

Тамыз айында көші-қон қызметінің қызметкерлері ер адамға жеке сот орындаушысының 2021 жылдың ақпан айынан бастап алимент төлеуден жалтарған 36 жастағы азаматқа іздеу жариялау туралы қаулысы арқылы шықты.

– Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлеуден жалтарып жүрген адамның орналасқан жерін көп ұзамай анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады, – деді КҚБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.

Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті алимент төлемей жүрген 100-ден астам адамды анықтады.

ШҚО ПД көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру