Шымкентте қарсы бағытқа шығып кеткен жүргізуші жауапқа тартылды
Шымкентте қарсы бағытқа шығып кетіп, жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің ресми @police_shymkent парақшасының direct-не Тәуке хан даңғылы бойында Range Rover автокөлігі қарсы бағытқа шығып, жол қозғалысына өрескел кедергі келтіргені жөнінде бейнежазба түскен.
Онда жол талғамайтын көлік тұтас екі ақ жолақ сызықты басып, қарама-қарсы бағытқа шыққаны және ары қарай тиісті бағытқа түсіп, рөлді тізгіндегені анық байқалады.
Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде жол жүру ережесін бұзған Range Rover автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігімен (Егер бұл жол жүрiсi қағидаларында тыйым салынған жағдайларда, жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына, оның ішінде кері бұрылып немесе бұрылыс жасап шығу – алты ай мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады) әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама түзілген.