Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда пробация қызметкерлері есептегі сотталғандарға көмек көрсетуде

Маңғыстауда пробация қызметкерлері есептегі сотталғандарға көмек көрсетуде, - деп хабарлайды Polisia.kz

Пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталғандар, жазаны өтеуі кейінге қалдырылған сотталған жүкті әйелдер, сондай-ақ жас балалары бар әйелдер мен жас балаларды жалғыз өзі тәрбиелейтін ерлер және шартты түрде сотталғандар​ тұрады. Қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған адамдарға белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаларға сотталғандар жатады.

​Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің бақылауында тұрған сотталғандардың да санаттары әр түрлі. Түпқараған аудандық пробация қызметкерлері есепте тұрғандарға тек қана әлеуметтік-психологиялық көмек беру емес, сондай-ақ басқа да қолдау көрсетеді.

​​Ержан пробация есебіне биыл алынды.​ Басына түскен жағдайына байланысты жұмыссыз қалды. Пробация қызметкерлері оны аудандық жұмыспен қамту орталығына жіберді. Қазіргі уақытта тазалықшы ретінде өз жұмысын атқарып жүр. ​

- Жұмысы арқылы ол өз тәртібін түзейді, жауапкершілікті сезінеді деп сенеміз. Себебі пробация қызметінің басты мақсаты - шартты түрде бас бостандығынан айырылғандарға әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, медициналық көмек көрсету арқылы олардың қайта қылмыс жасауына жол бермеу, - дейді Түпқараған аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы Айхайбек Наков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру