Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіге айыппұл салынды

Павлодар облысында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіге айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақсу қаласының полиция бөлімінің патрульдік полиция взводымен Әуезов көшесінде ВАЗ-2114 көлігін тізгіндеген қала тұрғыны ұсталды. Белгілі болғандай, ол биылғы жылдың сәуір айында көлік басқару құқығынан айырылған.

Аталған факті бойынша 23 жастағы жігітке қатысты 612-баптың 1-тармағының 4-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Ақсу қалалық сотымен 150 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Павлодар облысында құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлік басқарғаны үшін барлығы 2874 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру