ШҚО-да жылқыны соққан жүргізуші көз жұмды
ШҚО-да жылқыны соққан жүргізуші көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
11 қыркүйек сағат 02:44 шамасында Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңында Өскемен-Алматы тас жолының 18 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
42 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жылқыны соғып кетті.
ЖКО салдарынан жүргізуші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, оның жолаушысы 68 жастағы ер адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ВИДЕО МҰНДА
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады.