Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицей 8 жастағы қызды тонап кеткен күдіктіні ұстады

Демалыс күнінде павлодарлық полицей 8 жастағы қызды тонап кеткен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Павлодар қаласындағы академик Сәтпаев көшесінде ауласында достарымен ойнап жүрген 8 жастағы қыз телефонын күртешесінен алып шығып, уақытты көрмекші болған. Бұл мезетте кенеттен оған бейтаныс жігіт жүгіріп келіп, телефонын қолынан тартып алып, қашып кеткен.

Бұл оқиғаның куәгері патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Олжас Тілеубергенов болды.

– Мен үйден шығып келе жатқанда жылап тұрған кішкентай қыздың көмек сұрап тұрғанын байқадым. Ол қашып бара жатқан жігіттің бағытын көрсетті. Мен оның артынан жүгіріп кеттім. Жетіп алып, ұстап алдым. Оның қолында шынымен қыздың телефоны болды, – дейді лейтенант.

Полиция қызметкері дереу «102» нөміріне қоңырау шалып, қылмыскерді автопатрульге тапсырды.

ВИДЕО МҰНДА

Олжас Тілеубергеновтің сол күні демалыс күні болғаны анықталды, бірақ соған қарамастан ол нағыз тәртіп сақшыларына тән қасиеттерді – ерлік, батылдық пен жауаптылықты көрсетті.

Тонаушының жеке басын анықтағаннан кейін полиция оның мемлекетаралық іздеуде болғанын және соттан жасырынғанын анықтады. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Айта кету керек, лейтенант Тілеубергенов ішкі істер органдарында 2014 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол спорттық шеберлігі мен талантымен де ерекшеленеді. Қажырлы жаттығулар мен шеберліктің арқасында бір ай бұрын ол қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің чемпионы атанды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру