Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан киіктің мүйізі тәркіленді

Ақтөбе облысында ауыл тұрғынынан киіктің мүйізі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Шалқар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері “Қарасора” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жедел ақпарат алды. Бұл ақпаратты тексеру кезінде шопан нүктелерінің бірінде, жертөленің ішінде полиция қызметкерлері 14 дана ақбөкен мүйізін тауып, тәркіледі. 44 жастағы ер адам мал бағып жүрген кезде киіктің мүйізін далада тапқанын түсіндірді.

Видео мұнда

Аталған факті ҚР ҚК-нің 339-бабы 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш мыңнан жеті мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру