Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші рөлге қайта отырған

Түркістан облысында көлік жүргізу құқығынан айырыла тұра, қайта көлік басқарған жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полиция қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін сақтап, қоғамның тыныштығын күзетуде жүйелі жұмыстар жүргізеді. Осы тұрғыда Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері өздерінің аумағында рейд өткізді. Шара кезінде полицейлер жүрісі күмәнді Opel Vektra көлігінің жүргізушісін көріп, тоқтауды бұйырды. Алайда жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, қаша жөнелді. Десек те, тәртіп сақшылары соңынан қуып тоқтатты.

Тексеру кезінде полицейлер жүргізушінің мас күйіне күдіктеніп, медициналық сараптама тағайындады. Нәтижесінде оның алкогольді масаң күйде екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, ер адамның бұған дейін Шардара аудандық сотының үкімімен ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркеуге алып, сотқа жолдады. Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру