Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Байқоңырда экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды

Байқоңырда экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде экстремистік бағыттағы материалдарды таратқан деструктивті діни ағымын ұстанатын 38 жастағы Байқоныр қаласының тұрғыны анықталды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі 3-тармағымен (Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға) көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған 107205 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру