Павлодар облысында интимдік қызмет көрсететін 11 әйел анықталды
Павлодар облысында интимдік қызмет көрсететін 11 әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7-9 қыркүйек аралығында Павлодар облысында «Stop-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Өткізілген ЖПІШ қорытындылары бойынша полицейлер ақшаға интимдік қызмет көрсететін 11 әйелді анықтады.
Жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында полицейлер адамдарды мәжбүрлеп жұмысқа салу, ұрлау, пайдалану үшін бостандығынан заңсыз айыру фактілерін анықтау үшін ойын-сауық орындарын, монша кешендерін, сауналарды, қонақүйлерді, жалға берілетін пәтерлерді, сонымен қатар шаруа және фермерлік қожалықтарын, ауылшаруашылығы алқаптары және құрылыс объектілерін тексерді.
– Осылайша, ЖПІШ өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері Қырғыз Республикасының 34 жастағы азаматшасының және Украина Республикасының 29 жастағы азаматшасының интимдік қызмет көрсетуі фактілерін анықтады, оларға қатысты ҚР ӘҚБК 449-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырды және олармен профилактикалық әңгіме жүргізді, – хабарлады Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Руслан Әуесхан.