Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында есірткі тасымалдайтын арнаның жолы кесілді

Абай облысында есірткі тасымалдайтын арнаның жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Қарасора-2022» және «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде есірткі саудасымен байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенін қабылдап жатыр.

Қыркүйек айының басында Семей қаласында облыстың төрт тұрғыны белсене қатысқан Қазақстан мегаполистерінен синтетикалық есірткі тасымалдайтын арнаның жолы кесілді. Алдын ала мәліметтер бойынша полиция қызметкерлері Семей қаласында есірткі қойып кеткен студенттерді ұстап, тінту барысында олардан 13 грамнан астам өлшеп оралған және өткізуге дайын тыйым салынған заттар алынған.

Полиция сонымен қатар есірткіні жеткізуді ұйымдастырушының жеке басын анықтады. Ол 36 жастағы тұрғын болып шықты. Қаскүнем өз автокөлігімен қарағай орманында 405,32 грамм «синтетиканы» тасымалдау ұсталды. Lada автокөлігін тінту барысында жүк бөлімінен ақ пакет табылып, тәркіленді. Ішінде 70 зип-пакеттер, екі өлшеуіш қасық, екі электронды таразы, түрлі түсті 30 лента, түрлі түсті таспамен оралған 15 орам, олардың ішінде 10-15 кішкене бетбелгілер болды.
Жүргізілген сараптама көрсеткендей, тәркіленген зат салмағы 56,66 гр. гашиш есірткі заты, салмағы 161,72 гр. мефедрон және 243,60 гр. А-PVP психотроптық зат болып есептеледі.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында синтетикалық есірткілерді өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыхалықтық сипат алуы керек. Ішкі істер министрінің тапсырмасын орындау мақсатында Абай облысы Полиция департаментінің жеке құрамымен қоғам мен еріктілер қозғалысын тарта отырып, есірткі қылмыстарының алдын алу және анықтау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.
– Біз алдымызға қойылған міндеттерді іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді саламыз, – деп атап өтті Абай облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру