Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында мас жүргізуші қамауға алынды

Түркістан облысында мас жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сайрам АПБ-ның полиция қызметкерлері жолда жүру ережелерін сақтау мақсатында рейдтік жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде. Кезекті шара барысында бұрылыс жарығын жақпай өтіп кеткен Chevrolet cruze көлігі тоқтатылды.

Тексеру кезінде көліктің иесі 2020 жылдың желтоқсан айында Сайрам аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабына сәйкес, көлік басқару құқығынан 3 жылға айырылғаны анықталды. Сондай-ақ, полицей жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін жүргізушіні сараптамадан өткізді.Қорытындысы оның мас күйде екенін растады.

Қазіргі таңда аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған азамат қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру