Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жеті білім мекемесінде “дабыл түймелері” қосылды

Петропавлда жеті білім мекемесінде “дабыл түймелері” қосылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12-13 қыркүйек күндері Петропавлдың алты мектебі мен бір колледжінде дабыл түймелері қосылды. Барлық келіп түскен дабылдар жеке күзет ұйымдарының мобильдік топтарымен тексерілді. Осылайша полицейлер білім мекемелеріне қауіпсіздік қызметін көрсететін күзет құрылымдарының қызметкерлеріне оқу жаттығуды өткізді. Оқу-жаттығуда мектепке мас жанжалқой кірген кездегі де әрекеттер де пысықталды.

Мәселен, мектептердің бірінде “дабыл түймесі” 15:29-да қосылған. 3 минуттан кейін мектепке бронды кеудеше, каска, арнайы құралдармен жасақталған қаруланған күзет келіп жеткен. Шартты бұзушы ұсталып, полицияның автопатруліне тапсырылды.

– Оқу-жаттығу жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесе өткізілді. Бұнымен қатар, бейне бақылаудың болуы мен жұмысқа жарамдылығы тексерілді. Оқу-жаттығуға жақсы баға берілді. Нәтижелері мұқият талданып, анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар берілді. Мәселен, мектептердің бірінде күзетке алу туралы шартта мобильдік топтың келетін уақыты көрсетілмеген. Бұндай жағдайдағы ұсыныс – бірден шартты жаңарту. Білім мекемелерінің қорғалуы СҚО Полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында тұрған өзекті мәселелердің біріі, – деді СҚО Полиция департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Руслан Даньяров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру