Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Созақтық полицейлер мал ұрлығына қатысы бар екі ауылдасты ұстады

Созақтық полицейлер мал ұрлығына қатысы бар екі ауылдасты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Созақ аудандық ПБ-ға жергілікті тұрғындар арызданып, жайылымдағы ірі қара малдарын, яғни сиырларын белгісіз біреудің жымқырғанын жеткізді. Тұрғындарға 300 мың теңге шығын келген.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Видео мұнда

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білген куәлардан жауап алды. Сонымен қатар, іске белсене кіріскен созақтық сақшылар, мал сататын орындарды да шолып шықты. Осылайша жүргізілген тиянақты істің нәтижесінде мал ұрлығына қатысы бар екі күдікті ер адам ұсталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты.

Белгілі болғандай, күдіктілер түнгі уақытта жайылымда жайылып жүрген сиырларды көріп, оңай жолмен пайда табу мақсатында ұрлық қылмысын жасаған. Сондай-ақ, сезіктілер қолды қылған үй жануарларын мал базарға сатып, ақшасын өз қажеттеріне жұмсаған. Бүгінде полицелер күдіктілердің бұдан басқа да мал ұрлықтарына қатысы бар-жоғын анықтауда. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынып, оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру