Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзудың 40 дерегі анықталды
Шымкентте көші-қон заңнамасын бұзудың 40 дерегі анықталды, – деп хабаралайды Polisia.kz.
12-31 қыркүйек аралығында Республика көлемінде «Жалданушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Шымкент ҚПД Қаратау АПБ көші-қон қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде шетелдік азаматтардың елімізде болу қағидаларын бұзудың 41 дерегі анықталды.
Жеткізілген тұлғалардың барлығы Арнайы қабылдап-тарату бөліміне жеке басын анықтау мақсатында орналастырылды.
Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) және 518-бабы 1-бөлігімен (Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік хаттама толтырылып, Шымкент қаласы ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына тисті құжаттар жолданды.