Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тұрғынның пластик терезелерін ұрлап кеткен күдікті анықталды

Қызылордада тұрғынның пластик терезелерін ұрлап кеткен күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімі жедел уәкілдерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрлықтың «ізі суымай» ашылды.

Видео мұнда

Белгілі болғандай, 42 жастағы қала тұрғынына тиесілі көпқабатты үйінің ауласында тұрған пластик терезелерін ұрлап кеткендігі жөнінде арыз берген болатын.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез құлық туралы түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру