Таразда тәртіп сақшылары қару тапты
Таразда тәртіп сақшылары қару тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алдын ала жедел ақпаратқа сәйкес, өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты 59 түзеу мекемесінің қызметкерлері қалалық полиция басқармасындағы әріптестерімен бірлесіп, Бәйтерек мөлтек ауданынан суық қару тапты.
Жедел іс-шаралар барысында шағын аудандағы арнаның астынан нөмірі өшірілген Беретта 12 калибрлі аңшылық мылтығы мен 12 калибрлі 8 оқ-дәрі табылып, тәркіленді.
Қазіргі таңда оқиға орнына Тараз қалалық жедел-тобы шақырылып, тергеу амалдары жүргізілуде.