Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте есірткіге масайған мотоцикл жүргізушісі ұсталды

Шымкентте есірткіге масайған мотоцикл жүргізушісі ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған келеңсіздіктердің алдын алу және оны болдырмау мақсатында Шымкент қаласы ПД бастығы Қайрат Дәлбековтің нұсқауымен қала аумағында 15-18 қыркүйек күндері «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері мотоцикл жүргізушілеріне жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтау бойынша профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның үш күндік нәтижесінде 887 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 15 көлік айыптұраққа қойылды. Оның ішінде бір ер адам есірткі қолданып мотокөлік айдаған.

Шымкенттік полицейлер рейдтік іс-шара барысында күдік тудырған мотокөлікті тоқтатты. Тәртіп сақшыларына бағынбаған ер адам қашып құтылуға тырысқан, дегенмен қала көшелерінің бірінен «ізін суытпай» қолға түсті. Күдіктіні тергеп-тексеру кезінде сырт киімінің оң жақ қалтасынан есірткіге ұқсас зат тәркіленіп және оны қолдануы мүмкін деген күдікпен медициналық сараптама тағайындалды.

Нәтижесінде құқық бұзушының есірткі қолданғаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру