Қостанай облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Қостанай облысында жол апатынан жүргізуші көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қыркүйекте сағат 7.40-та республикалық маңызы бар Қостанай – Әулиекөл-Сұрған тас жолының 21-шақырымында ВАЗ-2107 автокөлігін басқарған 39 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетті. Салдарынан 42 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Skoda автокөлігімен соқтығыстф.
ВАЗ-2107 жүргізушісі дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Екі жолаушы мен Skoda көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. ҚР ҚК 345-бабында көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды.