Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да полицейлер мен дәрігерлер оқушыларға есірткі қылмысының зияны мен қаупі туралы айтты

СҚО-да полицейлер мен дәрігерлер оқушыларға есірткі қылмысының зияны мен қаупі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нашақорлықтың алдын алуға арналған қауіпсіздік сабағын жоғары сынып оқушылары үшін полицейлер, педагогтар, нарколог-дәрігер және өнер колледжінің жас актерлері өткізді. Балаларға есірткіні қолданудың қауіптілігі және тыйым салынған заттарды жасырып, курьер болып жұмыс істеу үшін қарастырылған жуапкершілік туралы айтылды.

№ 7 қалалық орта мектептің 60-тан астам жоғары сынып оқушылары нарколог дәрігердің дәрісін тыңдады. Дәрігер синтетикалық заттарды қолданудың ауыр зардаптары туралы аудиторияға қол жетімді түрде хабарлады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қатысушыларға қаскөйлердің есірткі курьерлерін іздеу үшін Telegram мессенджерін және OLX тегін хабарландырулар сайтын пайдалануының баламалы жағы туралы айтып берді.

Тұз, спайс, «кладмен», «минер», «кепілгер» – теориялық білімдерін бекіту үшін жедел уәкілдер оқушыларға есірткі сатушыларды ұстау бойынша сахналық көрініс көрсетті. Оған қалалық Өнер колледжінің жас актерлері, сондай-ақ Полиция департаментінің қызметкерлері қатысты.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Иван Терзидидің айтуынша, кездесудегі есте қаларлық сәт – Кинологиялық қызмет орталығының қызметтік-іздестіру итінің шығуы. Лабрадор тұрымды ит Белла оқушыларға мәжіліс залында құрамында есірткі бар имитатор салынған пакетті іздеу бойынша өз дағдыларын көрсетті. Кездесу соңында оқушылар полицейлермен бірге танымал TikTok платформасы үшін қысқа, бірақ әсерлі бейнеролик түсірді. Осылайша, балалар «бақытты өмірде есірткіге орын жоқ» ұранымен челленджді жалғастыра отырып, әлеуметтік желілерде оқиғаның бейнежазбасын қалдырды.

Жыл басынан СҚО полицейлері заңсыз айналымнан 383 келіден астам түрлі есірткі заттарын, оның ішінде 1,5 келіден астам синтетикалық есірткіні тәркіледі. СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы 300-ден астам түрлі профилактикалық іс-шараларды; дәрістер, семинарлар, ата-аналар жиналыстарын, спорттық іс-шараларды, акциялар мен флэш-мобтарды жүргізді. Айта кетейік, СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы әлеуметтік желілерде кеңінен ұсынылған. Instagram және Facebook-тегі ресми аккаунттардан бөлек, есірткімен күресушілер TikTok-та да қызметтік аккаунтты жүргізіп келеді, оның көмегімен есірткі мен нашақорлыққа байланысты қылмыстардың алдын алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру