Алматылық полицейлер ұрланған гироскутерді иесіне қайтарды
Алматылық полицейлер ұрланған гироскутерді иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Бұл туралы Алматы қаласының тұрғыны ПД-ның басшысы Арыстанғани Заппаровтың атына жолдаған хатында Медеу аудандық полиция қызметкерлеріне, атап айтқанда, Дамир Сауданбекке алғысын білдіретінін жазды.
Әйел өз хатында тәртіп сақшыларының кәсібилігін атап өтті.
– Полиция қызметкеріне кәсібилігі мен жәбірленуші ретінде бізге шыдамдылық танытқаны үшін алғысымды білдіргім келеді. Менің ұрлық туралы оқиғам бақытты аяқталды. Ұлымның гироскутеры ұрланды, полицияға жүгінгеннен кейін бірнеше сағаттан соң қылмыстың беті ашылды. Құқық қорғау органдарында өз саласының нағыз мамандары, жанашыр, адам дертіне бей-жай қарамайтын нәзік жандардың қызмет етіп жатқанын мақтан етемін. Барлық полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, ең бастысы отбасылық бақыт тілеймін, – деді алматылық тұрғын.