Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

29 жастағы алматылық үйін есірткі зертханасына айналдырған

29 жастағы алматылық үйін есірткі зертханасына айналдырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мәселе Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестіктерінің бірінің тұрғыны жайында болып отыр. Ол синтетикалық есірткіні заңсыз сақтап, зертханалық жолмен өндірді және таратты деген күдікпен ұсталды.

– Оның үйінен ішінде ақшыл түсті ұнтақ заты бар целлофан пакеттері, ерекше иісі бар, құмыраға өсірілген жасыл өсімдіктің бұталары, сұйықтықтары бар ыдыстар, ұнтақты заттың қабаттарының температурасын өлшейтін пирометр, арнайы комбинезон табылды. Сондай-ақ, үй аумағынан ағаш конструкция – синтетикалық есірткі жасауға арналған тақтай, шикізатты араластыруға арналған темір араластырғыштары бар электрлі бұрғылар және т.б. табылды және тәркіленді. А.есімді азаматтың айтуынша, оның бұл кәсіпке келгеніне көп болған жоқ. Ер адамның сөзінше, интернет қосымша арқылы оған мефедрон психотроптық затын жасаудың ингредиенттері мен нұсқаулары бар сынама алғыштан бастау ұсынылған, оған оны жасағаны үшін жомарт сыйақы уәде етілген. Қаскөй келіскен соң «жұмыс берушілер» оған қажетті шикізатты алу үшін координаттарды жіберген, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов.

Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Күдікті тергеуде.

Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша тіркелді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру