Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада ер адам мас күйінде айдап кеткен автокөлікпен екі жол-көлік оқиғасын жасады

Астанада ер адам мас күйінде айдап кеткен автокөлікпен екі жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны сағат 12:52-де «102» арнасына Б.Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйдің кіреберісінің жанынан Mercedes-Benz G 500 маркалы автокөлігін айдап кеткені туралы хабарлаған. Шағымданған азаматша көлігін оталдырылған күйінде есігін құлыптамай ашық қалдырып кеткенін, орнына қайта келген сәтте көліктің жоқтығын көріп, полицияға жүгінген.

Қылмыскерді іздеуге және оны ұстауға полицияның жеке құрамы бағытталған. Бейнебақылау камераларын зерделеу барысында үйдің ауласында жүрген белгісіз ер адам, көлікті оталдырып қойып отырғаны және үйіне кіріп бара жатқан әйелді бақылағаны анықталды. Осы сәтті пайдаланып, ол рөлге отырып Land Cruiser 200 автокөлігімен соқтығысып, көлікті әрі қарай айдап кете берген.

Сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында келесі Lexus автокөлігімен жол-көлік оқиғасын жасаған. Сол уақытта полиция қызметкерлері қаскүнемді қолға түсірді. Куәландыру нәтижесі бойынша 34 жастағы ер адам орташа ауырлықтағы мас күйінде болған.

ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігіне сәйкес көлік құралын алкогольдік масаң күйде жүргізгені үшін ұсталған адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, оған қоса ҚР ҚК-нің 200-бабы «Айдап әкету» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Мұндай қылмыстардың себебінің бірі – көлік иелері темір тұлпарын ашық қалдыру немесе түнгі уақытта есігін жабуды ұмытып кетеді. Осы сияқты себептер ұрлық пен айдап әкету үшін қол жетімділікке әкеледі», – дейді. «Алматы» ПБ аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Жанқұлов.

Елорда полициясы көлік құралдарының иелеріне қырағы болуға, өз көліктерінің терезелерін, есіктері мен жүксалғыштарын ашық қалдырмауға, көлікті арнайы тұрақтарда, жарықтандырылған орындарда және бейнебақылау камераларының көрінетін аймағына қоюға қатаң түрде кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру