Петропавлда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Петропавлда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қыркүйек сағат 11:00 шамасында Nissan Qashqai автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі Назарбаев көшесінің жүріс бөлігін реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Оқиға орнына алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем бригадасы шақырылды. 18 жастағы зардап шегуші түрлі жарақаттармен қаланың медициналық мекемелерінің біріне жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша іс материалдары қажетті іс жүргізу әрекеттерін жүргізу және тиісті шешім қабылдау үшін Петропавл қаласы полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне тапсырылды.