Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында дүкеннен ішімдік ұрлаған тұрғын жазасын қоғамдық жұмыспен өтеуде

Дүкеннен бір бөтелке ішімдік ұрлаған Ақтөбе облысының тұрғыны жазасын қоғамдық жұмыспен өтеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бөтеннің мүлкін жымқырғаны үшін 40 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылу жазасы тағайындалып, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Мәртөк аудандық пробация қызметінің есебіне алынған азамат пробация қызметкерлерінің бақылауымен жазасын қоғамдық жұмыспен өтеп жүр.

Пробация қызметкерлерінің айтуынша, есепте тұрған азамат күніне 8 сағаттан жергілікті әкімдік белгілеген қоғамдық орындарды абаттандыру, қоқыс тазалау секілді жұмыстарды жасап, жазасын өтеп келеді.

– Әрине, жасаған ісіме өкінемін. Сол кезде ішкілікке салынып жүріп, осындай ұятты әрекетке бардым. Енді жазамды қоғамдық жұмыспен өтеп жүрмін. Бұл маған сабақ болды, – дейді пробация есебінде тұрған облыс тұрғыны.

– Қоғамдық жұмыспен айналысу үшін сотталғандардан еңбек біліктілігі талап етілмейді және есепте тұрғандар тұрғылықты жері бойынша қоғам үшін пайдалы түрде жазасын өтейді. Яғни, егер есепте тұрған азамат ауылда тұрса, қылмыс жасаған жеріне қарамастан сот белгілеп берген қоғамдық жұмыс сағаттарын тұрғылықты жері бойынша өтейді, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру