Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны бұрынғы жұмыс орнынан қымбат құрал-жабдықтарды ұрлап кетті

Шымкент тұрғыны бұрынғы жұмыс орнынан қымбат құрал-жабдықтарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент ҚПД Абай АПБ-ның кезекші бөліміне жекеменшік цех басшылығы арызданған. Ол арызында өзінің қоластында болған бұрынғы жұмысшысы өндіріс орнынан автоматты түрде ашылатын қақпаның құрал-жабдықтарын бөлшектеп, жиырма күн аралығында жасырын түрде ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 5 млн теңгені құрап отыр.

Аталған жайт ҚК-тің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде күдіктіні тәулік ішінде қала аумағында қолға түсірді. Ол 38 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап, заңсыз әрекетке қаражаттың жетіспеушілігінен барғанын жеткізді. Қазіргі кезде айғақты заттар тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Айта кетейік, полицейлер күдіктінің басқа да ұрлыққа, осы тектес жайттарға қатысы барын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру