«Учаске» ЖПІШ: Абай облысының полицейлері пәтерлерді аралауда
Абай облысының полицейлері пәтерлерді аралауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшылары тұрғын үйді жалға берудің 44 фактісін анықтады.
Құқық бұзушылықтар мен заңсыз көші-қонның алдын алу, жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібі қағидаларын бұзушылықтарын анықтау жөніндегі шараларды күшейту мақсатында 1 қазаннан бастап Абай облысының аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
«Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бастап, 11 күн ішінде 27 887 тұрғын үй, оның ішінде 8 012 көпқабатты тұрғын үй, 17 585 жеке меншік үй және 2 290 саяжай үйлері тексерілді. Жалға берілетін 167 пәтер, қонақ үйлер, жатақханалар тексерілді, онда жалдамалы пәтерлерде, жатақханаларда және қонақ үйлерде тұратын 35 шетелдік азамат анықталды.
Жалға берілетін 44 пәтер анықталды, олардың барлығы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарламалар жолданды. Барлығы 380 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде Абай облысының аумағында шетел азаматтарының болуы бөлігінде көші-қон заңнамасының 86 әкімшілік құқық бұзушылығы. 791 шаруа қожалығы тексерілді, онда ТОЗ-16 мылтық қаруы ШҚ басшысында тіркелмеген қаруды сақтаудың бір фактісі анықталды.
ЖПІШ барысында барлығы жеті бірлік тіркелмеген қару заңсыз айналымнан алынды. Барлығы 889 азаматтық қару иесі тексерілді, жеті азаматтық қаруды сақтау ережелері мен тіркеу мерзімдерін бұзу анықталды.