Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ЖКО жасаған

Қызылордада көлік басқару құқығы жоқ мас жүргізуші ЖКО жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz

11 қазан күні Қызылорда қаласы ПБ Жедел басқару орталығына Алтынсарин мен Жеңіс көшелерінің қиылысында Opel Astra және Mazda автокөліктері соқтығысып қалғандығы туралы хабарлама түскен. Аталған хабарлама аясында басқарманың жедел тергеу тобы оқиға орнына барған сәтте Opel Astra автокөлігі оқиға орнынан бой тасалап кеткендігі белгілі болды.

ЖБО операторлары мен патрульдік полиция батальонының үйлесімді жұмысының арқасында құқық бұзушы бір сағаттың ішінде облыс орталығындағы Әбілқайыр хан көшесінде анықталып, ұсталды. Құжаттарын тексеру барысындамас жүргізушінің 2020жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен жеті жылға сот шешімімен куәлігінен айырылғаны анықталды.

Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, 31 жастағы жүргізушінің “орта дәрежелі” алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру