Павлодарда кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Павлодарда кісі өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– 15 қазанда сағат 11.42-де Павлодар қаласының Лермонтов көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында, подъездің жанында 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оның іш қуысында оқ жарақаты болған.
1955 жылы туған күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. «Ұстап алу» жоспары дереу енгізіліп, бағдарлар жіберілді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні Павлодар – Омбы автожолында ұстады. Ол мойындау түсініктемелерін берді.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті Павлодар қаласының УҰИ-на қамауға алынды, – деді Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.
Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.