Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер металл гаражын ұрлағандарды ұстады

Павлодарлық полицейлер металл гаражын ұрлағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар полициясына қала тұрғыны ұрлық фактісі туралы арызданды. Айтуынша, оның металл гаражын белгісіз біреулер ұрлап кеткен.

Ер адам гараждың Ермак көшесіндегі үйдің жанында тұрғанын, онда ол құрылыс материалдарын сақтағанын айтты. Мүлік иесі келтірілген залалды 400 мың теңгеге бағалады.

Полицейлер ұрлық жасады деген күдікпен 38 жастағы павлодарлықты ұстады. Ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұрланған гараж орнына қойылды. Тергеу кезінде күдікті адамға қатысты “келу туралы міндеттеме” процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Биылғы жылдың ағымдағы кезеңінде Павлодар аумағында 1182 бөтен мүлікті ұрлау қылмысы тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру