Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО-да 524 интернет-алаяқтық тіркелді

Жыл басынан СҚО-да 524 интернет-алаяқтық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 айдың ішінде облыста 524 интернет-алаяқтық тіркелді (өткен жылдың ұқсас кезеңде – 541 факті). 164 осындай қылмыс, яғни әрбір үшіншісі «банкіден қоңырау шалу» жолымен жасалған. Қаскөйлер өздерін полиция немесе прокуратура қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін, бұдан кейін «банктің қауіпсіздік қызметімен» байланыстырады. Қаскөйлер адамдарды олардың есепшотынан біреу ақша алуға не олардың атына несие ресімдеуге әрекет жасап жатқанына сендіреді. Бұдан кейін қылмыскерлер оларды ірі көлемде несие алуға көндіріп, ақшаны өздерінің шотына аудартқызады, бұл шоттан ақша алаяқтың қолына түседі.

244 интернет-алаяқтық интернеттегі хабарландырулар арқылы жалған тауарларға алдын ала төлем талап етуімен байланысты. Интернет-алаяқтықтың басым бөлігі – біреудің атына несие ресімдеу, бұндай 100 факті тіркелген. Полицейлер сатушының адалдығына көз жеткізбей тұрып, алдын ала төлемге келіспеу қажеттігі туралы ескертеді. Біреуге пин-кодтарды, смс-хабарламалардағы кодтарды, банк карталарының сыртындағы си-ви-ви-кодтарды беруге болмайды. Жеке құжаттардың фотосын ешкімге жібермеген жөн, алаяқтар бұл деректерді біреудің атына несие ресімдеу үшін пайдалануы мүмкін.

– Полиция қызметкерлері кең ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізуде. Көрнекі үгіттеу материалдары: буклеттер, жадынамалар, билбордтар пайдаланылады. Адамдар көп жиналатын орындардағы LED-экрандарға, 4 кинотеатрда бейнероликтер көрсетіледі. TikTok әлеуметтік желісінде anti_hacker_sko аккаунты жұмыс істейді, еріктілермен бірге жаңа түсіндіру видеолары жасалады. Интернет-кеңістікке мониторинг жүргізіледі, құқыққа қайшы контенті бар интернет-сайттарға 326 сілтеме анықталып, бұғаттауға жіберілді, 205 жалған хабарландыру бұғатталды, – деді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ, полицейлер алаяқтар біреуді алдаған кезде пайдалану мақсатында бөтен банк карталарын сатып алатынын ескертеді. Басқа адамдар үшін өз атына карта ресімдеуге келіспеу қажет, бұған ҚР заңнамасымен жауапкершілік көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру