Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдықтардан мереке күндері «102» арнасына 258 қоңырау келіп түсті

Петропавлдықтардан мереке күндері «102» арнасына 258 қоңырау келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке күндері полицейлер күшейтілген режимде қызмет атқарды. Қала қонақтары мен тұрғындары Республика күнін тыныш мерекелеуі үшін жаяу жасақтар мен автопатрульдердің саны арттырылды. Күн сайын екі ауысымда қоғамдық тәртіпті сақтауды ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметшілері жасағын қоспағанда, 80-нен 100-ге дейін полиция қызметкерлері қамтамасыз етті. Патрульдеу бағыттары адамдардың көп жиналған жерлеріне жақындатылды.

Күнделікті жұмыс та қатар жүрді: көшелер мен көпқабатты үйлердің ауласында құқықтық тәртіпті сақтау, шақыруларға ден қою. Жылу трассаларының құбырларын, масаң күйдегі адамдардар тексерілді. Патрульдік полицейлермен бірге учаскелік инспекторлар да түнгі кезекшілікке түседі. Бұл құқық бұзушыны учаскелік пунктке жеткізуде уақытты үнемдейді.

Отбасылық жанжал мен тыныштықты бұзу бойынша хаттамалар бірден шақырту түскен орында толтырылады.

– Жалпы, демалыс күндері жағдай тұрақты болды. Қоғамдық тәртіп бұзушылықтарына жол берілген жоқ. Үш күнде «102» арнасына 258 қоңырау түсті, басым бөлігі анықтама сипатында. Ең көп түскен қоңыраулар полицияның ден қоюын талап ететін отбасындағы жанжалмен байланысты болды. Мұндай 17 арыз тіркелді. Бұдан бөлек, 11 рет полиция қызметкерлері тыныштықты бұзу, 7 рет дене жарақатын келтіру фактісі бойынша шықты. Сонымен қатар, Петропавлда 4 ұрлық, 2 алаяқтық фактісі тіркелді. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша жұмыс күнделікті режимде жалғасуда, – дейді Петропавл қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру