Атырауда Led жарық шамдарын орнатқан 1200-ден астам көлік анықталды
Атырауда жыл басынан бері Led жарық шамдарын орнатқан 1200-ден астам көлік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Атырау қаласында жыл басынан бері патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралдарына Led-ксенон жарық шамдарын орнатып жүргізген 1200-ден астам жүргізушіні анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Айта кетейік, аталмыш қосалқы жарықшамдар түнгі уақытта қарсы бағытта қозғалып келе жатқан көлікке жарық шағылысып, жүргізушінің көлік басқаруына кедергі келтіреді.
Мәселен, 27 қазан күні сағат 01:20 шамасында Берғалиев көшесі бойында патрульдік полиция қызметкерлері Toyota Coaster автокөлігін тоқтатып, тексеру кезінде аталған көліктің 33 жастағы жүргізушісі көлік құралдарына Led жарық шамдарын орнатып, жүргізгенін анықтады.
33 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігімен (Көлік құралдарына Лэд жарық шамдарын орнатып жүргізген) әкімшілік хаттама жасақталып, 15315 теңге айыппұл салынды.
Бұл бағыттағы жұмыстар үнемі патрульдік полиция батальоны қызметкерлерінің бақылауында.