Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды

Қызылордада дүкенге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

31 қазан күні жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қала орталығындағы азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды. Күдікті дүкеннің есігін бұзып кіріп, Samsung телефоны мен темекі өнімдерін ұрлаған.

Ұсталған азамат Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Қызылорда қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. 

Аталған дерек бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру