Астанада полицейлер мас жүргізушіні ұстады
Астанада полицейлер мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кешкі уақытта Ақсай көшесінде патрульдеу барысында полицейлер Nissan Cefiro автокөлігін тоқтатты. Көлікті елорданың 51 жастағы тұрғыны басқарған. Құжаттарды тексеру кезінде қызметкерлер көлік салонынан алкогольдің иісін байқайды. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ауырлығы орташа мас болу анықталды.
Жүргізушінің жүргізуші куәлігінен айырылып, көлік құралын басқару құқығынсыз қаланы аралап жүргені анықталды. Оған қатысты ҚР ҚК 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды, автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.
Тәртіп бұзушы УҰИ-ға орналастырылды.