Ұры қарағандылықтың үйінің астан-кестенін шығарған
Қарағандыда бағалы заттар табамын деп пәтердің астан-кестенің шығарған ұры құрықталды , – деп хабарлайды Polisia.kz
Қарағанды қаласы ПБ-ға 39 жастағы қала тұрғыны арызданған. Белгілі болғандай, әйел түнгі ауысымнан кейін үйіне оралғанда пәтерден ұры іздерін тапқан. Бағалы заттарды іздеген шабуылшы үйді төңкеріп, барлық жиһазды сындырған, бірақ ештеңе таппай «ізін суытқан». Арызданушы шығын көлемін 1,4 млн теңгеге бағалаған.
Жедел-іздестіру тобының қызметкерлері күдікті 28 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол жәбірленушінің пәтеріне балкон арқылы пластикалық есікті қысып кіргенін айтып, кінәсін мойындады. Ұры пәтерден құнды заттар табамын деп күткен, бірақ ойлағаны жүзеге аспағандықтан, ол пәтердің астан-кестенің шығарған.
ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.