Жыл басынан Петропавлда 1200-ден астам отбасылық жанжал тіркелді
Жыл басынан Петропавлда 1200-ден астам отбасылық жанжал тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтар әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілерімен шектеліп қоймайды. Полицейлердің тәжірибесінде түрлі жағдайлар орын алып жатады. Ащы судың буымен орын алған жанжалдарға қатысты бірнеше рет полицияға жүгінген бірге тұратын ер мен әйелдің ара-қатынасы қайғылы оқиғамен аяқтала жаздады, бұл жанжалдарға екеуі де себепші болған. Олар сараптамадан өтіп, өтініш жазудан бас тартқан.
Осылайша, полицияға жағдайға ықпал етуге мүмкіндік бермеген, полицейлерде тек профилактикалық әңгіме жүргізу мүмкіндігі болған. Салдарынан кезекті жанжал жедел-тергеу тобын шақырумен аяқталды. Ащы суды бірге отырып ішкеннен кейін туындаған жанжал барысында ер адам қолына пышақ алып, әйелдің денсаулығына ауыр зиян келтірілген. Қазіргі уақытта ер адам 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын өтеуде.
– Тұрмыс саласында жиі жасалып тұратын құқық бұзушылықтар – мамандарға жүгінудің бірден бір себебі. Маскүнемдіктен емделу, жанжалдың қайталануын болдырмау үшін құқық бұзушыларды жауапқа тарту – бұл адамдардың шешіміне байланысты. 10 айдың ішінде Петропавлда тұрмыс саласында 20 қылмыстық іс пен 1200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олардың басым бөлігі алкогольді асыра пайдаланудан орын алған. Учаскелік полиция инспекторлары осындай фактілердің алдын алу және жәбір көргендерге олардың құқықтарын түсіндіру бойынша ұдайы негізде жұмыс жүргізеді, – деді Петропавл қаласы ПБ ЖПҚ бөлімінің бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетов.
Полицейлер отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелер бойынша 8 (7152) 49-31-58 (Петропавл қаласы ПБ) және 8 (7152) 61-25-30 (СҚО ПД) телефон нөмірлері немесе 150 нөміріндегі республикалық call-орталыққа хабарласуға болатыны туралы еске салады. Сондай-ақ учаскелік полиция инспекторына немесе «102» арнасына жүгінуге болады.