«Браконьер» ЖААШ: Ақсу полициясы 17 құқық бұзушылықты анықтады
Ақсу тәртіп сақшылары «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында 17 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақсу полицейлері браконьерлік, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында табиғатты қорғау заңнамасына қатысты 17 құқық бұзушылықты анықтады.
Оның ішінде бір құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша жауапқа тартылды. Мәселен, далалық аймақта терісі бағалы аңды заңсыз аулау фактісі анықталды. Онда 30 жастағы азамат ілмек орнату арқылы терісі бағалы аңды ауламақ болған.
– Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды, – деп хабарлады Павлодар облысы Ақсу қаласы ПБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Рахметов.
Аңшылық және балық аулау шаруашылықтарының аумағындағы рейдтік іс-шаралар барысында аңшылар мен балықшылардың рұқсат беру құжаттарын тексеру жүзеге асырылады. Айта кетейік, осы жылы Ақсу қаласының полицейлері осындай 24 фактінің жолын кесіп, қылмыскерлерді жауапқа тартты.