Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының бас полицейі 250-ден астам тұрғынның мәселесін тыңдады

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов әр апта сайын жеке қабылдау өткізіп келеді. Мұндағы негізгі мақсат – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен полицияның жұртшылыққа жанашыр болуы. Ол Түркістан облысы ПД бастығы лауазымына тағайындалғаннан бері жеке қабылдауына 258 азамат келіп, өздерінің жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын жеткізген, – деп хабарлайды Polisia.kz

ПД бастығы тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелерге мұқият назар салып, әрбір арыз-шағымға кең көлемде жауап беріп, кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар орынбасарларына тапсырма беріп, халықтың полицияға қатысты мәселелері әрқашанда маңызды екенін жеткізді. Қабылдауға келген тұрғындар өздерінің тергеу, анықтау, криминалдық полиция, кадр, жергілікті полиция қызметіне қатысты сұрақтары мен ұсыныстарын білдірді.

Полиция департаменті басшысының жеке қабылдауына келген тұрғындар бас полицейге сәттілік тілеп, өтініштерінің дер кезінде қаралып, бақылауға алынғанына алғыстарын білдіруде.

Мәселен, ауыл үлкендері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп келген. Ал мұны тиісті құрылым қызметкерлері назарға алып, бірден зерттеп жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындар көрсеткен аймақты түгел қарап, қандай да бір қажетті жол белгілерін қою мүмкіншілігін қарастырады. Нәтижесінде зерделеу жұмыстары мәселенің оң шешілуіне ықпал етеді. Яғни, тиісті жол белгілері мен бейнебақылау камералары қойылады.

Осы жұмыстардың атқарылуына тікелей септігін тигізген полицейлерге тұрғындар шынайы ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын хатқа түсіріп жолдаған.

– Полицейлерден үнемі халықпен тығыз байланыс орнатуды, халыққа жанашыр болу, жұртшылықтың мәселелерін шешуге баса назар аударып, халықпен қарым-қатынасты нығайту мақсатындағы жұмыстар жалғаса береді, – деп атап өтті облыстың бас полицейі Мұрат Қабденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру