Таразда жол ережесін бұзған жүргізушілер айыппұл арқалады
Таразда жол ережесін бұзған жүргізушілер айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Polisia.kz
6 қарашада Telegram каналдардың бірінде Тараз қаласында жол ережесін бұзған автокөліктердің бейнежазбасы жарияланған болатын.
Тараз қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Mercedes көлігінің иесі анықталып ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1-тармағымен (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру), ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-тармағымен (Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау) және Volkswagen автокөлігінің жүргізушiсi ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-тармағымен (Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау) жауапкершілікке тартылды.