Тараздық полицейлер бірнеше рет алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады
Тараздық полицейлер бірнеше рет алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz
Тараз қаласының полициясына алаяқтық деректері туралы жергілікті базардың сатушылары шағымданды. Жәбірленушілердің айтуынша, белгілі бір адам ірі көлемде сатып алушының кейпіне еніп, сенімге кіріп, айырбастау үшін ақшаны алып, содан кейін әртүрлі сылтаулармен көзден таса болған.
Келтірілген залал көлемі 300 мың теңгеден асты. Тараз қаласы ПБ-ның бірінші полиция бөлімі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осыған ұқсас қылмысы үшін бұрын сотталған 44 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.
Ұсталған адам кінәсін толық мойындады. Күдікті барлық ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.