Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда екі көлік соқтығысты: зардап шеккендер бар

14 қараша сағат 00:05 шамасында Панфилов көшесінде Мercedes пен Mitsubishi автокөліктері соқтығысып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Мercedes автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі мен 21 жастағы жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Медициналық куәландыруға сәйкес – екі жүргізуші де мас емес.

Оқиғаның мән-жайын анықтау және жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін материал Петропавл қаласы Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпараты бойынша 1 қарашадан бастап облыс жолдарында 17 ЖКО тіркеліп, 30 адам зардап шекті. Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден ережелерді қатаң сақтауды сұрайды. Сонымен қатар полицейлер қала маңындағы трассаларда жылдамдық режимін сақтау қажет, өйткені жабайы және үй жануарларының көліктердің жүру бөлігіне шығып кету қаупі бар екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру