Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында көлігіне заңсыз жарық шам орнатқан 300-ден астам жүргізуші анықталды

Маңғыстау облысында көлігіне заңсыз жарық шам орнатқан 300-ден астам жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Облыс көлемінде жол көлік оқиғаларның алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі жедел-сауықтыру шараларымен қоса «Ксенон» жедел-профилактикалық іс-шарасы да өткізіліп тұрады.

Жүргізушілер тарапынан жарық шамдарға қатысты талаптарды орындамай автокөлік құралдарына, өндіруші зауытпен көзделмеген өзге жарық шамдарды заңсыз орнатқан деректеріне қатысты жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-бөлігінде көзделген жауапкершілік заңмен көзделген. Жыл басынан осындай құқық бұзушылық жасаған 326 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Маңғыстау облысы Полиция департаментімен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған деректерді анықтау мақсатында ұдайы түрде жұмыстар жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру