Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері қолды болған 98 телефонды иелеріне қайтарды

Павлодар полицейлері қолды болған 98 телефонды иелеріне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ұялы телефондарды ұрлаумен байланысты қылмыстардың алдын алу және анықтау мақсатында күн сайын облыс ПД патрульдік полиция ротасы мен батальонының қызметкерлері азаматтардағы немесе әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін ұсталған адамдардағы құжаттарды тексеру кезінде патрульдеу барысында IMEI-кодтарды тексеруді жүзеге асырады.

– Жыл басынан бастап полицейлер 69867 ұялы телефонды тексерді, оның ішінде 98 ұрланған немесе жоғалған телефон анықталды. Көп жағдайда, әдетте, «жаңа иелер» бұл ұялы телефонды көшеде тапқанын немесе белгісіз адамдардан төмен бағамен сатып алғанын түсіндіреді, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Мәселен, Павлодар қаласында Сураганов көшесінде түнгі уақытта үш жас жігіт көзге түсті. Құжаттар мен ұялы телефондардың IMEI-кодтарын тексеру кезінде олардың бірі базада кәмелетке толмаған, тамыз айында Қамзин көшесінде жоғалтқан деп есепте тұр. Жас жігіт бұл телефонды көршісінен сатып алғанын түсіндірді. Одан әрі талқылау үшін Павлодар полициясына жеткізілді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру